27.03.2012, 12:08 3385

Кеше Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит аясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев МАГАТЭ бас директоры Юкия Аманомен кездесті

Кездесу кезінде атам энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық мәселесі талқыланды.

Астана. 27-наурыз. Kazakhstan Today - Кеше Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит аясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев МАГАТЭ бас директоры Юкия Аманомен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу кезінде атам энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық мәселесі талқыланды.

"Қазақстан ядролық қауіпсіздікті қатмамасыз ету саласында үлкен жұмыстар жасады. Қазақстанның МАГАТЭ-мен ынтымақтастығы белсенді дамып келеді. Ертең, саммитте сөйлейтін сөзімде мен Қазақстанның осы саладағы жетістіктері туралы айтамын", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

"Сізбен Сеулде кездескенім мен үшін үлкен құрмет. Өткен жылы, Қазақстанға сапарым барысында мен Қазақстанның ядролық қаруды таратпау және қауіпсіздік саласындағы зор табыстарына көз жеткіздім. Қазақстан ядролық қарусыздану саласында көптеген елдер үшін көшбасшы және үлгі болып табылады. Мен сіздің еліңізді осы саладағы орасан жетістіктерімен құттықтаймын", - деді Юкия Амано.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны