29.06.2011, 17:00 4097

Кеше Қазақстан Республикасының мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы жаңа Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы мен жаңа балабақшаны аралап көрді

Президент кардиохирургиялық орталықтағы интервенциялық кардиология бөлімінің, жүректі катетеризациялау зертханасының, операциялық залдардың және реанимация бөлімінің жұмысымен танысты.

Астана. 29 маусым. Kazakhstan Today - Кеше Қазақстан Республикасының мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы жаңа Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы мен жаңа балабақшаны аралап көрді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Президент кардиохирургиялық орталықтағы интервенциялық кардиология бөлімінің, жүректі катетеризациялау зертханасының, операциялық залдардың және реанимация бөлімінің жұмысымен танысты.

Орталықтың негізгі қызметі инновациялық медициналық технологияларды қолдана отырып, жоғары мамандандырылған кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек көрсетуге бағытталған, сонымен қатар кардиохирургия, интервенциялық кардиохирургия салаларында науқастарға амбулаториялық тексеруден бастап, жоғары мамандандырылған көмек көрсетуге, кешенді оңалтуға дейін ғылыми-ағарту жұмысымен де айналысады.

Бұған қоса, Орталық республиканың аймақтық кардиологиялық және кардиохирургиялық орталықтары мен бөлімдеріне әдістемелік-ұйымдастыру және кеңес беру көмектерін көрсетеді. Кардиохирургиялық орталық базасында 2011-2014 жылдар аралығында қазіргі заманғы диагностикалық зерттеулерді қолданып туа біткен және кейін пайда болған сырқаттарды хирургиялық емдеу бойынша 20-ға жуық инновациялық медициналық технологияларды енгізу жоспарланған. Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығында жылына орта есеппен 3 000 операция жасау көзделген.

Мемлекет басшысы Орталықтың дәрігерлерімен және студенттермен әңгімелесті.

Президент сондай-ақ "Балақай" балабақшасы мен "Идемі-ай" балалар дамыту орталығын аралады. Балабашқа ғимаратының жалпы аумағы 4518 шаршы метр. Кешен 4 қабаттан тұрады: 1-2-ші қабаттары - "Балақай" балабақшасына тиесілі болса, 3-қабатта "Идемі-ай" балалар дамыту орталығы орналасқан.

Бірінші қабатта жатын орындар, ойын ойнайтын бөлмелер бар. Бұдан басқа шағын буфет, зертханалық сумен жабдықталған бассейн және жеке душ, спорт зал, музыкалық және жаттығуға арналған залдар бар. Балабақша сондай-ақ психолог, логопед, қазақ тілі, ағылшын тілі, өзін-өзі тану, әдіскер, дәрігерлік пункт, кинозал, ИЗО студиоға арналған бөлмелермен жабдықталған. Кешеннің құрылысы кезінде ең озық технология мен экологиялық таза материалдар пайдаланылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны