24.04.2012, 11:04 3234

Кеше мемлекет басшысы ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, "Нұр Отан" ХДП Төрағасының бірінші орынбасарын қабылдады

Н.Нығматулин Президентті бесінші сайланымдағы Парламент Мәжілісі қызметінің алғашқы нәтижелерінен хабардар етті. Атап айтқанда, осы кезең аралығында 11 пленарлық отырыс өткізіліп, 57 заң жобасы бойынша жұмыс жүргізілген, оның 18-і мақұлданып, Сенатқа жолданған.

Астана. 24-сәуір. Kazakhstan Today - Кеше мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, "Нұр Отан" ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулинді қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Н.Нығматулин Президентті бесінші сайланымдағы Парламент Мәжілісі қызметінің алғашқы нәтижелерінен хабардар етті. Атап айтқанда, осы кезең аралығында 11 пленарлық отырыс өткізіліп, 57 заң жобасы бойынша жұмыс жүргізілген, оның 18-і мақұлданып, Сенатқа жолданған.

"Заң жобаларының басым бөлігі елді әлеуметтік-экономикалық жаңғырту жөніндегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруды қамтамасыз етеді. 2012 жылы Мәжілісте тағы 42 заң жобасын қарау жоспарланған. Сондай-ақ біздің тарапымыздан үкімет сағаты, Мәжіліс Комитеттерінің жылжымалы, бірлескен отырыстары өткізіледі. Парламенттің төменгі палатасының депутаттары өңірлерде Қазақстан халқына Жолдауды түсіндіру жөнінде бір жарым мың кездесу өткізді", - деп баяндады Мәжіліс Төрағасы.

Сонымен қатар, Н.Нығматулин Нұрсұлтан Назарбаевты "Нұр Отан" партиясының сайлауаралық кезеңдегі жұмысынан хабардар етті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны