24.12.2012, 11:19 5678

Кезектен тыс аттестация құқық қорғау органдары басқару құрамының үштен бірін жаңартуға мүмкіндік берді

Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Икімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі Алик Шпекбаев Орталық коммуникациялар қызметі ресми өкілінің брифингісінде мәлім етті.

Астана. 24-желтоқсан. Kazakhstan Today - Кезектен тыс аттестация еліміздің құқық қорғау органдарының кадрлық резервін жалпылай және күштік құрылымдардың жоғары басқару құрамының үштен бірін жаңартуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Икімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі Алик Шпекбаев Орталық коммуникациялар қызметі ресми өкілінің брифингісінде мәлім етті.

"Кезектен тыс аттестация еліміздің құқық қорғау органдарының кадрлық резервін іріктеудің көпсатылы және қатаң процедурасынан өтушілер есебінен жаңартуға мүмкіндік берді", - деді А.Шпекбаев.

Оның айтуынша, аттестациядан өткеннен кейін аттестациялық комиссияның кепілдемесімен 3 мыңнан астам қызметкер жоғары лауазымдарға ұсынылып, оның 671 тағайындалып та қойылды.

Жалпы, Жоғары аттестациялық комиссия 368 басшыны аттестациядан өткізіп, оның қорытындысы бойынша құқық қорғау органдарының жоғары басшылық құрамының үштен бірі жаңартылған.

Өз кезегінде, орталық аттестациялық комиссия4 971 қызметкермен әңгіме өткізіп, нәтижесінде орталық, қалалық және аудандық басқару деңгейіндегі басшылардың шамамен 22% ауыстырылды.

Өңірлік комиссиялар құқық қорғау органдары қызметкерлерінің 16% аттестациядан өткізбей тастады.

Атап өту керек, құқық қорғау органдарының кезектен тыс аттестациясы құқық қорғау жүйесінің кадр саясаты мен оларды даярлауды жаңғырту және жақсарту жөніндегі шаралар кешенін ойластыруға мүмкіндік берді.

Ендібасқару құрамына арналған біліктілік талаптары өзгертіліп, жоғары лауазымдарға конкурстан тыс тағайындаудың тетіктері анықталатын болады.

Бұдан басқа, кадр саясаты мен қоғамдық институттармен өзара әрекеттестік тұжырымдамалары әзірленеді, Құқық қорғау органдарының кадр саясаты және Президенттік резервті қалыптастыру жөніндегі комиссия құрылады.

Кезекті аттестациялар арасындағы уақытты 3 жылдан 1 жылға дейін қысқарту да көзделуде, ал жекелеген бөлімшелер үшін кезектен тыс аттестация өткізу критериі белгіленетін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны