05.06.2014, 19:45 2907

ҚХА аймақтармен жұмыс істеуді жандандыра түседі

"Біз сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысындағы Бейбітшілік пен келісімнің жол картасына қатыстық. Биыл институтымыздың 20 жылдығы қарсаңында аталмыш бастама барлық республикаға кеңінен тарамақ", - дейді В.Киянский.

Алматы. 5 маусым. Kazakhstan today. Қазақстан халқы Ассамблеясы өңірлердегі жұмысты бұрынғыдан да тиімді түрде атқаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі "Қазақстан халқы Ассамблеясы" депутаттық тобының отырысында "Нұр Отан" партиясы фракциясының мүшесі, Экология және жер қойнауын пайдалану комитетінің мүшесі Виктор Киянский мәлімдеді.

"Бүгінде өңірлік саясат арқылы ҚР әрбір азаматы мен еліміздің әрбір отбасына бірлік идеясын насихаттау қажет. Ұлтаралық төзімділік пен бейбітшілік салтанат құру үшін біздің жұмысымыз төменнен басталғаны жөн. Сол себепті ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары, соның ішінде ҚХА депутаттық тобы өңірлерге жасаған сапарында белгілі бір мониторинг жасап, жергілікті жерлерде ҚР Президентінің алға қойған міндеттемлерінің қаншалықты орындалып жатқанына сараптама жасайды", - дейді В.Киянский.

Оның айтуынша, таяуда ғана депутаттық топ БҚО-да мониторинг жасап, ҚР Президентінің алға қойған міндеттемелерінің қаншалықты атқарылып жатқанын көру үшін Назарбаев Зияткерлік мектебіне, бірнеше мәдени орталықтарға барды.

"Өңірлерге әр шыққанымыз сайын біз өңірлердегі атқарылып жатқан істі жандандырып, Қазақстан халқы Ассаблеясынан бастау алып, халықаралық деңгейде мойындалған тәжірибені насихаттаймыз. Аталмыш тәжірибеге бүгінде әлемнің бірқатар мемлекеті қызығушылық танытып отыр", - дейді ол.

"Біз сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысындағы Бейбітшілік пен келісімнің жол картасына қатыстық. Биыл институтымыздың 20 жылдығы қарсаңында аталмыш бастама барлық республикаға кеңінен тарамақ", - дейді В.Киянский.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны