06.02.2015, 15:09 4222

ҚХА жылы нақты жұмыстар мен жаӊа бастамалардыӊ жылы болады - Н.Назарбаев

Қазақстан халқы Ассамблеясы Жылыныӊ ашылуына орай Астанада өтiп жатқан салтанатты шарада Мемлекеттiк хатшы Гүлшара Ибдiхалықова Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ құттықтау сөзiн жеткiздi

Астана. 6 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан халқы Ассамблеясы Жылыныӊ ашылуына орай Астанада өтiп жатқан салтанатты шарада Мемлекеттiк хатшы Гүлшара Ибдiхалықова Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ құттықтау сөзiн жеткiздi, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Ассамблея Жылы - бiздiӊ ортақ мерекемiз, барлық 17 млн қазақстандықтыӊ iсi. Елбасыныӊ айтуынша, әрбiр азамат бiздiӊ жерiмiздегi бейбiтшiлiк, келiсiм үшiн жауапкершiлiктi сезiнуi тиiс. Ассамблея жылы біздіӊ нақты істеріміздіӊ жылы болады, "Қазақстан-2050"Стратегиясы" мақсаттарына жетуде септігін тигізеді. Біз "Нұрлы жол-болашаққа бастар жол" жаӊа экономикалық саясатыныӊ жүзеге асуына кірістік", - деді Нұрсұлтан Назарбаев, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Ассамблея Жылы бiздiӊ орасан нақты iстер мен жаӊа жетiстiктердiӊ жылы болады. Ассамблея жылы Конституциямыздыӊ 20 жылдығы, Қазақ хандығыныӊ 550 жылдығы, Ұлы Жеӊiстiӊ 70 жылдығы секiлдi маӊызды оқиғаларға бай. "Биылғы жыл тарихи тағдыры ортақ халық бiрлiгiнiӊ жарқын көрiнiсiне айналуы туыс. Қазақстан - бiр ел, бiр халық, бiр болашақ. Сондықтан Ассамблея Жылыныӊ басты идеясы - "Менiӊ елiм - мәӊгiлiк ел!", - деген құттықтауын жолдады Мемлекет басшысы.

"Барлық қазақстандықтарды Қазақстан халқы Ассамблеясы Жылыныӊ ашылуымен құттықтаймын! Тәуелсiздiк, бiрлiк пен келiсiм рухы бiзге күш-қуат пен сенiмдiлiк берсiн!", - деді Елбасы.

Айта кетейік, бүгін еліміздіӊ барлық аймақтарында Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ жылы ашылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны