10.04.2014, 19:22 2647

ҚХА-ның ХХІ сессиясына қатысушылар "Қазақстан-2050" Стратегиясын талқылайды

2014 жылғы 18 сәуірде Астана қаласында Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен "Қазақстан - 2050" стратегиясы: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті" күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясы өтеді.

Алматы. 10 сәуір. Kazakhstan today. 2014 жылғы 18 сәуірде Астана қаласында Бейбітшілік және Келісім сарайында Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен "Қазақстан - 2050" стратегиясы: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті" күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясы өтеді.

Оның жұмысына барлық аймақтардан Ассамблея мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктер төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың өкілдері қатысады, деп ҚХА-нан хабарлады.

Сондай-ақ, діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, шет мемлекеттердің дипломатиялық миссиялары, ғылыми және шығармашылық интеллигенция және БАҚ қатысады.

Сессия соңынан Бейбітшілік және келісім сарайында салтанатты концерт өтеді.

ҚХА-ның ХХ сессиясы қарсаңында 17 сәуірде Ассамблея Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді.

Сессия бағдарламасы аясында аймақтық делегат-қатысушылар үшін бекітілген орталық мемлекеттік органдар басшыларымен, Ассамблеядан сайланған ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарымен кездесулер, Астана қаласының көрікті жерлеріне экскурсиялар ұйымдастырылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны