05.04.2011, 12:16 2428

ҚХР төрағасы елбасын президенттік сайлауындағы жеңісімен құттықтады

ҚХР төрағасы елбасын президенттік сайлауындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 5 - сәуір. Kazakhstan Today - ҚХР төрағасы елбасын президенттік сайлауындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы тамаша жеңісімен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтао құттықтаған.

Жеделхат мәтінінде "Сіздің Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне қайта сайлануыңызға байланысты Сізге игі тілегім мен шын жүректен құттықтауымды жолдаймын.

Сіз Мемлекет басшысы болған сәттен бастап, Жоғары Мәртебелім, елде қоғамдық тұрақтылық сақталуда және экономика жоғары қарқынмен өсті, халықтың әл-ауқаты үздіксіз жақсарды, Қазақстанның халықаралық жағдайы едәуір нығая түсті. Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан халқы жаңа, мемлекеттің дамуы мен көтерілуі ісінде айтарлықтай табыстарға жететініне сенемін.

Қытай мен Қазақстан тату көрші, жақсы достар және сенімді серіктестер болып табылады. Дипломатиялық қатынастар орныққан 19 жылдан бері біздің елдеріміз арасындағы қатынастар жағымды сипатта дамуда. Саяси салада өзара құрмет және жоғары деңгейде өзара сенім, ал экономикада өзара тиімді әрі бірлескен дамудың негізінде ынтымақтастық орныққан. Иртүрлі салаларда үздіксіз тәжірибе алмасулар кеңейіп, ынтымақтастық атап өтілуде, көпжақты байланыстар аясында тығыз өзара іс-қимыл мен үйлестіру қолдау табуда. Қытай тарабы біздің елдеріміз арасында бұрынан келе жатқан достық қарым-қатынастарды жоғары бағалайды. Мен Сізбен бірлесе отырып, Қытай-Қазақстан қарым-қатынастарындағы стратегиялық серіктестікті біздің елдеріміз бен халықтарымыздың иігілігі үшін тағы да едәуір жоғары деңгейге көтеруге шаршамастан күш-жігерімді салуға дайынмын.

Сізге, Жоғары Мәртебелім, мықты денсаулық және қызметте табыс тілеймін. Қазақстан Республикасына қуаттылық және гүлдену, Қазақстан халқына - бақыт пен игілік тілеймін",- делінген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны