28.01.2011, 17:23 3929

Қылмыстық атқару жүйесінде туберкулез бен иммундық тапшылық вирусы ауруларының деңгейін төмендетуге басты назар аударылатын болады

Қылмыстық атқару жүйесінде туберкулез бен иммундық тапшылық вирусы ауруларының деңгейін төмендетуге басты назар аударылатын болады. Бұл туралы бүгін, 28 қаңтарда ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 28 - қаңтар. Kazakhstan Today - Қылмыстық атқару жүйесінде туберкулез бен иммундық тапшылық вирусы ауруларының деңгейін төмендетуге басты назар аударылатын болады. Бұл туралы бүгін, 28 қаңтарда ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, "Қылмыстық атқару жүйесінде туберкулез бен иммундық тапшылық вирусы ауруларының және соның әсерінен болатын өлім-жітім деңгейін төмендетуге тұрақты назар аудару қажет", - деді Мемлекет басшысы.

Бұл орайда Елбасы аталған міндеттерді орындау нәтижесінде 2015 жылға қарай қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 70 жасқа дейін, ал 2020 жылға қарай 72 жастан жоғарылайтынын баса айтты. "Біз жақсылап жұмыс істесек, халықтың өмір сүру жасын одан әрі ұлғайта аламыз деп ойлаймын", - деді Президент.

Н. Назарбаев өз Жолдауында 2015 жылға қарай 350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункттер және емханалар салынатынын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны