27.05.2008, 10:25 1435

Қылмыстық істерді тергеу процедурасын оңайлату керек - Бас прокуратура

Қылмыстық істерді тергеу процедурасын оңайлату керек - Бас прокуратура

Астана. 27 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Бас прокуратура шағын және орташа ауырлықтағы қылмыстық істерді тергеуді оңайлату процедурасын ұсынып отыр. Бұл туралы дүйсенбі күні "Нұр Отан" ХДП фракциясының төралқасының кеңейтілген отырысы барысында бас прокурордың бірінші орынбасары Иоганн Меркель мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Жәбірленушілердің құқығын тиімді қорғау және қылмыстық тергеу органдарының жұмысы саласындағы шұғыл қызметті арттыру үшін тергеу процедурасын оңайлату қажеттілігі туындады", - деп мәлімдеді И. Меркель.

"Бұл ұсыныстың мәнісі шағын және орташа ауырлықтағы айқын қымыстар бойынша айыптау хаттамасы бар анықтау материалдарын тікелей сотқа тапсыру дұрыс болар еді. Сот қылмыстық істі қозғайды, тараптардың таласуы жағдайында дәлелдерді зерттейді, жазалау шараларын белгілейді", - деп түсіндірді ол.

Бас прокуратураның пайымдауынша, осы ұсыныс қабылданса, қылмыстық істерді күрделі механизмдер мен регламентацияларсыз қараудың оңай және жеңіл процедурасы енгізілмек. Сондай-ақ, тараптардың ашықтылығы мен таласу элементтері барынша кең қолданылатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны