05.07.2007, 16:18 2615

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық басқармасының басшылығы бюджет қаржысын ұрлаған күдікті ретінде танылуда

ШЫМКЕНТ. 5-шілде. Kazakhstan Today. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық басқармасының басшылығының үстінен бюджет қаржысын ұрлаған күдікті ретінде қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің жетекшісі Асқар Бектенов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қылмыстық іс "Сеніп тапсырылған басқаның мүлкін иемденіп алу немесе талан-таражға салу жөніндегі" бап бойынша қозғалды, -деді А. Бектенов.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстық іс қозғауға прокуратура тарапынан ҚР Иділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық басқармасының барлық бөлімшелерінде осы жылдың мамыр айында ИЧ-167/3 түзету мекемесінде болған оқиғаға байланысты жүргізілген кешенді тексерудің қорытындысы себеп болған.

Тексеру барысында белгілі болғанындай, өткен жылдың күзінде Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық басқармасының басшылығы "Исел" ЖШС-мен әрбіреуін 335,5 мың теңгеден барлығы 2 млн теңгеге алты ноутбук сатып алуға шарт жасасқан. Сонымен бірге, тағы да осы фирмамен 1 млн 760 мың теңгеге әрбіреуін 160 мың теңгеден 11 компьютер сатып алуға келісім-шартына қол қойылыпты. Тексеру барысында сот-тауартану сараптамасы сатып алынған ноутбуктердің нарықтағы құны 183 мың теңге, ал компьютерлердің құны 111 мың теңге болғанын анықтады. Яғни, тендер арқылы сатып алынған кеңсе техникасы үшін 1,5 мон теңге артық төленген, деп түсіндіреді прокуратурадағылар.

А. Бектеновтың хабарлауынша, қылмыстық істі тексеру облыстық экономикалық және сыйбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментіне жүктелді. Мемлекетке келтірілген шығынды өтеттіріп алуға шаралар қолданылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны