01.04.2009, 18:17 3177

Қымбат автокөліктерді айдап әкетумен шұғылданған екі қылмыстық топ құрықталды - ҚР ІІМ

Қымбат автокөліктерді айдап әкетумен шұғылданған екі қылмыстық топ құрықталды - ҚР ІІМ

Астана. 1 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Жамбыл облыстық ІІД қымбат автокөліктерді айдап әкетумен шұғылданған екі қылмыстық топты залалсыздандырды. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР ІІМ Криминалдық полиция комитетінің бастығы Сұлтан Күсетов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Жамбыл облыстық ІІД қымбат автокөліктерді айдап әкетумен шұғылданған екі қылмыстық топты залалсыздандырды. Қылмыскерлерден 3 наурызда Алматы қаласында ұрланған "Лексус LX 470" джипі тәркіленді", - деді С. Күсетов.

Сондай-ақ, ұсталғандардан автокөліктерді ашуға арналған сканері бар ноутбук, пневматикалық тапанша, пышақ, көлік айдауға құқық беретін 5 сенімхат, 13 жеке куәлік алынды. Қазір ұсталғандардың басқа да көлік барымтасына және көлік ұрлығына қатысы бар-жоқтығы тексеріліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны