Үкімет жаңа оқу жылының қарсаңында аса мұқтаж отбасылардан шыққан 500 мың оқушыны компьютермен қамтамасыз етеді
Алматы. 4 тамыз. Kazakhstan Today - Үкімет жаңа оқу жылының қарсаңында аса мұқтаж отбасылардан шыққан 500 мың оқушыны компьютермен қамтамасыз етеді.
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында жаңа 2020-2021 оқу жылының басталуына дайындық мәселесі қаралды.
Атқарылып жатқан жұмыстар туралы ҚР білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін уақытша атқарушы Б. Мусин, Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ. Есқалиев, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов, Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек баяндады.
2020-2021 оқу жылында Қазақстанның 7 391 мектебінде 3,3 млн-нан астам адам, оның ішінде 1 сыныпта 396 мыңнан астам бала білім алады. Қазіргі жағдайда оқу жылының бірінші тоқсаны қашықтан өтеді. Оқытудың дәстүрлі форматы барлық санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып, тек шағын форматтағы мектептерде, сондай-ақ бастауыш мектептің "кезекші" сыныптарында сақталады.
Үкімет басшысы оқыту әдістемесін толық пысықтап, биылғы 20 тамызға дейін алдағы оқу үрдісі туралы толық ақпарат бере отырып, онлайн режимде республикалық ата-аналар жиналысын ұйымдастыруды тапсырды.
"Үкімет аса мұқтаж отбасылардың балаларына пайдалану үшін шамамен 500 мың компьютер беруді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ әкімдіктер жергілікті деңгейде компьютер техникасымен қамтамасыз ету мәселесін пысықтасын", - деді А. Мамин.
Премьер-Министр Білім және ғылым министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, осы жылдың 25 тамызына дейін оқушылар мен педагогтердің оқу жылының қашықтан басталуына толық дайын болуын, мұғалімдердің тиісті оқудан өткізілуін, интернет-платформаларда және теледидарда қажетті контенттің толық көлемде дайындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Оқулықтар 25 тамызға дейін беріледі. Оқулықтардың қағаз жүзіндегі нұсқаларының бәрінде міндетті түрде электрондық нұсқалары болуы тиіс, олар қолжетімді болуы қажет.
Цифрлық даму министрлігіне әкімдіктермен және байланыс операторларымен бірлесіп, білім беру ресурстарының қолжетімділігі мен орнықтылығын, сондай-ақ елді мекендерде интернеттің сапасы мен жылдамдығын қамтамасыз ету тапсырылды.
Әкімдіктер мен Денсаулық сақтау министрлігіне оқытуды дәстүрлі ашық түрде жалғастыратын бастауыш мектептің "кезекші" сыныптарында және шағын мектептерде санитариялық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.
Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Бектенов Солтүстік Қазақстан облысындағы Петропавл және Сергеев су торабының жағдайын тексерді
Су қоймалары бар Сергеев және Петропавл су тораптары - республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының тізбесіне енгізілген және ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары. Сергеев су қоймасындағы жиналған судың көлемі 82%-ды құрайды. Бұл жерлерде саяжай учаскелерін ерекше назарда ұстауды тапсырамын", - деп атап өтті Премьер-Министр.
Қазсушар" РМК СҚОФ директоры Шұғайып Ибатуллиннің айтуынша, осы кезеңде Сергеев және Петропавл су тораптары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Алайда, автожолдағы көпірлердің жекелеген конструкциялары апатты жағдайда. Осыған байланысты өзге баламалы жолдар арқылы көлік ағынын қайта бағыттау мәселелері қарастырылуда. Жалпы, өңірде су тасқынына бейім 87 елді мекен есепке алынды. 24 қаңтардан бастап облыс күшейтілген дайындық режиміне ауыстырылды, 26 наурыздан бастап Жедел штаб жұмылдырылды.
Өздеріңіз көріп отырғандай, еліміздің бірқатар өңірлерінде су деңгейі көтеріліп, су тасқыны орын алды. Барлық күштер жұмылдырылды. Республикалық және өңірлік жедел штабтар тәулік бойы жұмыс істеуде. Қазіргі таңда Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Қорғаныс министрліктері мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнаулы күштері мен құралдары - барлығы 4 мыңға жуық адам, 1,3 мыңнан астам техника су тасқынына қарсы жұмыстарға тартылды. Жол қатынасы қиын жерлерде адамдар тікұшақтармен эвакуациялануда. Жұмыстар қауіп толық сейілгенше жалғасатын болады. Жағдай қатаң бақылауда. Зардап шеккендерге Үкімет және әкімдік тарапынан қажетті көмек көрсетіледі", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Олжас Бектенов СҚО-ның ірі кәсіпорындарын аралады
Біз жаңа өндірістерді игеріп жатырмыз. Атап айтқанда, электромобилдерге арналған қуаттағыштарды шығаруды жоспарлап отырмыз. Тағы бір тың жоба - арнаулы мекемелерде орнатылған антивандалды телефондар. Компьютерлік технология нарығында бәсекелесу қиын болғанымен біз барынша тырысып келеміз. Өткен жылы 4 мыңға жуық компьютер сатылды", - деді Премьер-Министрге С.М. Киров атындағы зауыттың бас директоры Алмаз Нұрмағамбетов. Ол сондай-ақ өндірістік қуаттарды одан әрі арттыру жоспарлары туралы хабарлады.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында қорғаныс-өнеркәсіп кешенін жан-жақты нығайту елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратынын атап өтті. Локализациялау деңгейі жоғары әскери мақсаттағы өнімдерді өндіру циклін құру импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар кәсіпорынның мүмкіндіктерін теміржол және мұнай-газ саласындағы қажеттіліктерді қамту үшін пайдалану керек", - деп атап өтті Олжас Бектенов. Үкімет отандық зауыттардың өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған қолдау шараларын қабылдауда.
РимҚазАгро" ЖШС қағаз өнімдері зауытында Олжас Бектеновке макулатураны қайта өңдеудің белгіленген циклі көрсетіліп, кластерді одан әрі дамыту жоспарлары туралы баяндалды. Фабрика 30-дан астам өнім түрін шығарады, олар еліміздің барлық өңірлеріне жеткізіліп, сондай-ақ Ресейге де экспортталады. Кәсіпорын алдына халық тұтынатын тауарлардың экспортын ұлғайтып, ішкі нарықтағы үлесті әрі қарай ұлғайту міндеті жүктелді. Мемлекет пен отандық бизнестің белсенді ынтымақтастығының жаңа түрлері қарастырылатын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ІІМ Қостанай академиясының жаңа басшысы таныстырылды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Боранбаевтың мемлекет пайдасына активтерді беруінің жалғандығы туралы ақпараты шындыққа жанаспайды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Елімізде көлеңкелі экономика деңгейін 2025 жылға қарай 15 пайызға дейін төмендету жоспарлануда
Самұрық-Қазына" қорының құқықтық қамтамасыз ету, қауіпсіздік және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры Николай Казутин атап өткендей, Қор компанияларының бәсекелестік сатып алуларға міндетті қатысуы бөлігінде "Самұрық-Қазына" қоры сатып алу рәсімін өзгертуге ынталы, бұл сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға немесе қызметтерге бәсекелестіктің және дұрыс баға белгілеу саясатын нығайтады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Алматыда қала әкімінің тапсырмасымен қала құрылысына жаңа талаптар енгізіліп жатыр
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан ЕҚДБ-мен ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Бектенов су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар барысын талқылады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
29.03.2024, 10:14БҚО-да су тасқыны қаупі төнген аудандардан 500 адам эвакуацияланды 29.03.2024, 10:20 6581ҚР Украинадағы Елшілігі қазақстандықтарға Одесса мен Харьковтан кетуге кеңес береді29.03.2024, 10:35 5526Қазақстан президенті Қытайдың ірі энергетикалық компанияларының бірінің директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады29.03.2024, 10:28 3621Қазақстандағы су тасқыны: су тасқыны қаупі бар аймақтардан 4,6 мыңнан астам адам эвакуацияланды29.03.2024, 10:52 3181Абай облысы Аягөз ауданында суда жоғалып кеткен үш адамды іздеу жұмыстары жалғасуда
25.03.2024, 14:07 50651ҚР Көлік министрлігінің басшысы Қытай тарапымен екі елдің көлік-логистикалық өзара іс-қимылын кеңейту мәселелерін талқылады27.03.2024, 19:21 49396Бектенов су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар барысын талқылады24.03.2024, 21:55 49311Қазақстанда А гепатитімен ауырғандардың саны өсуде27.03.2024, 21:24 47011Қазақстан ЕҚДБ-мен ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті27.03.2024, 21:47 46641Алматыда қала әкімінің тапсырмасымен қала құрылысына жаңа талаптар енгізіліп жатыр
20.03.2024, 21:43 129776Президент Алматыға жұмыс сапарымен келді06.03.2024, 20:30 120516Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында ШҚО-да мұзды ұсату жұмыстары жүргізілуде20.03.2024, 12:12 117221ҚМА қаржы пирамидаларын анықтау жөніндегі арнайы жобаны іске қосты20.03.2024, 12:29 116971Қазақстанда бизнес үшін жаңа бірыңғай цифрлық жүйе құрылады20.03.2024, 12:19 116931Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы 24-25 сәуірде Астанада өтеді