03.10.2006, 12:10 2530

Қырғыз шекарашылары Қазақстаннан 33 килограмм марихуана енгізуге жасалған әрекетке тосқауыл қойды

БІШКЕК. 3-қазан. Kazakhstan Today. Қырғыз шекарашылары Қазақстаннан 33 килограмм марихуана енгізуге жасалған әрекетке тосқауыл қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Қырғызстанның шекара қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік шекараны бұзған екі адам "Степное" шекаралық заставасының маңында көзге түскен.

Қуғынды сезген есірткі тасушылар марихуана салынған үш қапты лақтырып жіберіп, Қазақстан аумағына жасырынып үлгерген.

Қазір іс материалдары Жайыл аудандық ІІБ-ның есірткімен күрес бөліміне өткерілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны