21.04.2010, 18:31 3099

Қырғыз журналисін өлтіру фактісі бойынша қырғыз жағының құқық қорғау органдарынан әзірге ешқандай жауап келіп түскен жоқ - ІІМ

Қырғыз журналисін өлтіру фактісі бойынша қырғыз жағының құқық қорғау органдарынан әзірге ешқандай жауап келіп түскен жоқ - ІІМ

Астана. 21 сәуір. Kazakhstan Today - Қырғыз журналисін өлтіру фактісі бойынша қырғыз жағының құқық қорғау органдарынан әзірге ешқандай жауап келіп түскен жоқ. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қырғыз журналисі Генадий Павлюкті өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу барысында барлық қажетті тергеу амалдары, оның ішінде Қырғызстан азаматтарынан жауап алу жүзеге асырылуда. Тергеудің объективтілігін қамтамасыз ету үшін тергеу амалдары Қазақстанда жүргізілді",- деді Қ.Жұманов.

Оның айтуынша, осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Қырғызстанның бірнеше азаматы анықталды. Аталған қылмыстық іс бойынша қырғыз жағына барлық қажетті материалдар жіберілгенін атап өткен жөн. Алайда, әзірге бізге ешқандай жауап келіп түскен жоқ".

"Ирине, біз осы қылмыстық істі объективті және сапалы тергеу үшін Қырғызстандағы жағдай тұрақталғаннан кейін осы елдің құқық қорғау органдарымен кез келген байланысты одан әрі жалғастыратын боламыз",- деді ІІМ өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны