08.12.2006, 17:17 2993

Қырғызстан адам саудасымен күрес саласында ТМД елдерімен ынтымақтастық жөніндегі келісімді бекітті

БІШКЕК. 8 желтоқсан. Kazakhstan Today. Қырғызстан адам саудасы, адамның дене мүшелері мен тіндерін сатумен күрес саласында ТМД елдерімен ынтымақтастық туралы келісімді бекітті деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Келісімге ТМД-ға мүше мемлекеттердің үкімет басшылары кеңесінің Мәскеуде 2005-жылдың 25-қарашасында өткен отырысында қол қойылды.

Келісімнің мақсаты - адам саудасымен күресте құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ақпараттық және басқа да сипаттағы бірлескен кешенді шараларды қолдану мен өзара келісілген стратегияның жобасын жасау, адам саудасының пайда болуына түрткі болатын себептер мен алғышарттарды жою болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны