14.04.2010, 16:01 3202

Қырғызстан мен Тәжікстан азаматтары үшін біздің елімізде болудың жеңілдетілген тәртібінің күшін жою туралы мәселе қарастырылуда - ІІМ

Қырғызстан мен Тәжікстан азаматтары үшін біздің елімізде болудың жеңілдетілген тәртібінің күшін жою туралы мәселе қарастырылуда - ІІМ

Астана. 14 сәуір. Kazakhstan Today - Қырғызстан мен Тәжікстан азаматтары үшін біздің елімізде болудың жеңілдетілген тәртібінің күшін жою және Қазақстанға келгеннен кейін бес күндік мерзімде міндетті түрде ішкі істер органдарында тіркеу туралы мәселе қарастырылуда. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Бүгіннен бастап елімізде "Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Бұл іс-шара тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, Қазақстанға заңсыз келген адамдарды анықтауға, заңсыз көші-қон арналарының жолын кесуге бағытталған",- деді ол.

ІІМ өкілі еске салып өткендей, Қырғызстандағы оқиғаларға байланысты ішкі істер органдарының жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген кестесіне көшірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны