07.09.2006, 13:43 4251

Қырғызстан парламенті лаңкестікке қарсы күрес заңын қабылдады

БІШКЕК. 7-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қырғызстан парламенті - Жогорку кенеш депутаттары бүгін лаңкестікке қарсы күрес заңын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Заңды қабылдау туралы парламенттің қорғаныс, қауіпсіздік, құқық пен тәртіп және ақпараттық саясат жөніндегі комитеті мен Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметі бастама көтерген.

Бүгін республикада 1999-жылы қабылданған лаңкестікпен күрес жөніндегі ескі заң жұмыс істеуде. Парламентшілердің басым бөлігінің пікірінше, бұрынғы заң әбден есірткі және ол декларативтік сипатта ғана.

Жаңа заң жобасында "лаңкестік", "лаңкес", "кепілге алынған адам" тәрізді ұғымдар жан-жақты сипатталумен бірге ол лаңкестік әрекеттер мен қылмыстарды тексеру кезіндегі күш құрылымдарының құзыретін нақты айқындап береді.

Заң жобасында Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметінің жанынан антитеррорлық орталық құру қарастырылған. Ол антитеррорлық операциялар кезінде күш құрылымдарының іс-қызметін үйлестіреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны