06.02.2007, 11:36 3571

Қырғызстан парламенті үкіметтің жаңа құрылымын мақұлдады

БІШКЕК. 6-ақпан. Kazakhstan Today. Қырғызстан парламенті Жогорку кенеш депутаттары бүгін үкіметтің жаңа құрылымы туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Заң жобасы үшін 57 депутат дауыс берді. Қырғызстанның жаңа үкіметінің құрылымына 14 министрлік, 5 мемлекекеттік комитет, 12 мемлекеттік агенттік кіреді. Басты жаңалық - энергетика, өнеркәсіп және отын ресурстары министрлігі мен қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің құрылуы болды. Бұған дейін республикада Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік қызметі жұмыс істеген.

Үкіметтің жаңа құрылымы бекітілгеннен кейін Қырғызстан үкімет басшысы Изім Исабековтың мәлімдегеніндей, республика үкіметіндегі алғашқы тағайындаулар бүгін жасалады.

Феликс Кулов басқарған Қырғызстан үкіметі өткен жылдың 19-желтоқсанында өз бетімен отставкаға кетті. Республика үкіметі "жаңа реформаларға жол ашу үшін" деген желеумен қызметтен кеткен болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны