Система Orphus

Қырғызстан Республикасының ІІМ милиция қызметкерлерінің Ресей әскери қызметкерлеріне қатысты қолданған әрекетін заңды деп тапты

21.04.2008, 17:52 2453

Бішкек. 21 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Алдын ала нәтижелер бойынша, Қант қаласында Ресей әскери қызметкерлерінің қатысуымен болған оқида милиция қызметкерлерінің әрекеті заңды деп танылып отыр. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Қырғызстан Республикасының ішкі істер министрлігі басшысының орынбасары Теміркан Субанов мәлімдеді.

"Қазір ІІМ қызмет тексерулері жүргізіліп жатыр. Алдын ала қорытындылар бойынша милицияның қолданған шаралары заңды деп тынылып отыр. Тергеу шараларын жүргізу кезенде анықталғанындай, ресейлік әскери қызметкерлер Максим Зотов пен оның жолаушылары мас күйінде болған. Республика прокуратурасы бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғау жөнінде мәселені шешіп отыр ", - деді Т. Субанов.

Оның сөздері бойынша, әскери қызметкер М. Зотов ГАИ қызметкерлерінің берген белгілеріне бағынбай, көлікпен оның ізіне түскен кезде жараланды.

Т.Субанов кейбір БАҚ М. Зотов жүргізген "Тойота-Аристо" көлігінде отырған жолаушылар мен милиция қызметкерлері арасында қарулы атыс болғаны жөніндегі ақпаратты жоққа шығарды.

Министрдің орынбасары болған оқиғаның қалай болғанын айта отырып, милиция қызметкерлері тарапынан бірінші ескерту жасалып, қарудан аспанға қарата оқ атылғанын атап өтті. Алайда, Зотов жүргізген көлік пен оның екі жолаушысы Рахым Ясыров пен Дәулет Шулғатов оған назар аудармай көлікті тоқтатпаған.

"Кейін көлік тоқтатылғаннан кейін, М. Зотов қарсылық көрсете бастады. "Тойота-Аристо" көлігі жолаушыларының іс қимылдарын тоқтату үшін жоғары жаққа төрт рет оқ атылды. Сол кезде милиция қызметкерлері мен жолаушылар арасында болған төбелес кезінде ықтиярлы оқ атылды. Соның салдарынан Ресейдің әскери қызметкері оқтан жараланды ", - деді Т. Субанов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымызадй, Қырғызстанның Қант қаласында орналасқан Ресейдің әскери әуе базасына қарулы шабуыл жасалды, деп хабарлады агенттік тілшісі Қырғызстан Республикасындағы Ресей Федерациясының елшілігіне сілтеме жасай отырып.

Ресей Федерациясының елшілігі хабарлағанындай тосын оқиға 20 сәуірде сағат 02.00 болды. Номерсіз джип көлігі Қант қаласындағы Ресей Федерациясының әуе базасының әскери қызметкерлері отырған жеңіл көлігіне бөгет жасау арқылы тоқтатты.

"Республиканың милиция қызметкерлерінің формасын киген үш адам табельді қарумен көліктен шығып, ешбір құжаттарын көрсетпестен Ресейдің әскери қызметкерлерін көліктен шығарып жерге жатқызып, соққының астына алды. Содан кейін шабуыл жасағандардың бірі оқ атып, бір офицерді ауыр жаралады. Олар зардап шеккендерді күшпен көлікке отырғызып, Бішкек жаққа алып шықты. Кейін шабуыл жасағандар Қантқа оралып, сағат 03.00 Ресейлік азаматты аудандық ауруханаға жеткізіп, іздерін суытты ", -деп хабарлады елшілікте.

Ресей елшілігінің ақпараты бойынша, болған оқиға жөнінде Қант құқық қорғау органдары мен басқарма базасына ақпарат берілмеді. "Зардап шеккендердің біреуі оқиға болғаннан кейін бір жарым сағаттан соң жетекшілерге болған жағдайды хабарлаған. Базаның өкілдері аудандық ауруханаға келген кезде онда ҚР ІІМ бір топ қызметкерлерінің жүргенін көрген. Олар өздерін таныстырмады және басшылар тарапынан оларға ақпарат беруге тыйым салынды".

Оқтан жараланған адам Ұлттық хирургиялық госпиталіне жеткізіліп оған шұғыл түрде операция жасалды. Оның көк бауыры, бір қабырғасы кесіліп алынды, сондай-ақ өкпесінің және тағы да басқа ішкі органдарының зақымдалғаны анықталды. Офицердің хал ахуалы ауыр, өміріне қауіп төніп тұр. Елшілікте айтқанындай, зардап шеккен тағы да екі адамның ресми түрде тиісті қаулылары болмағандығы желеу етіліп, оларға медициналық куәландыру жасалмады.

"Ресей елшілігі болған оқиғаға қатысты алаңдаушылық білдіріп отыр. Елшілік ресми тұрде республиканың ІІМ тергеулерді жіті жүргізу жөнінде ресми хаттарын жіберетіндігін мәлімдеді ", - деп хабарлады елшіліктегілер.
.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны