03.04.2008, 14:25 3294

Қырғызстан шекарашыларына лаңкестікке қарсы тұру міндеті жүктелді

Қырғызстан шекарашыларына лаңкестікке қарсы тұру міндеті жүктелді

Бішкек. 3 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан шекарашыларына лаңкестікке қарсы тұру міндеті жүктелді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстан президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бұл жайт "Қырғызстан Республикасының Шекара қызметі туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі " заңда қарастырылған, оған республика президенті қол қойды. Бұл заңға сәйкес, осы қызметтің мақсаты мен міндеттеріне толықтырулар енгізіліп, лаңкестікке қарсы шараларды қолдану қамтылды", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, жаңа заңда шекара қызметінің өз оперативтік жұмысында жергшілікті билік органдары мен басқармалардан тәуелсіздігі жарияланып, Қырғыз Республикасының мемлекеттік шекарасын қорғау мен күзетуді жүзеге асыру барысында қару-жарақ пен жауынгерлік техниканы пайдалану жөніндегі заң бабы нақтыланады. Сонымен қатар, осынау күш құрылымының әскерилерін әлеуметтік қорғау мүмкіндіктері күшейтіледі.

Қырғызстанның Шекара қызметінің төрағасы, генерал-майор КР Замир Молдошевтің хабарлауынша, қазір ол басқаратын мекеменің қызметкерлер құрамы қорғаныс министрлігінің әскерилерімен ықпалдаса отырып, күн жылына өткізілетін антитеррорлық іс-шараларға кірісті. Тау аңғарлары, шатқалдар, тау соқпақтары, асулар мен басқа да экстремистік элементтердің республикаға өту мүмкіндігі бар жерлер айрықша қорғауға алынуда. Біріккен арнаулы топтар профилактикалық рейдтерге дайындалып, өткізу бекеттеріндегі бақылау режимі күшейтілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны