08.10.2007, 17:54 3016

Қырғызстан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы іс-қызметінің тиімділігін көтеру үшін бар күш-жігерін салады

Қырғызстан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы іс-қызметінің тиімділігін көтеру үшін бар күш-жігерін салады

Бішкек. 8-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына төрағалық ету кезінде ұйымның іс-қызметінің тиімділігін арттыру үшін бар күш-жігерін салады. Бұл туралы жексенбіде, 7-қазанда Душабеде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Қырғызстанның президенті Құрманбек Бакиев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Қырғызстан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына төрағалық ету кезінде ұйымның еліміздің халқының игілігі мен гүлденуіндегі аймақтық қауіпсіздікті нығайтуға қатысты іс-қызметінің тиімділігін арттыру үшін бар күш-жігерін салады",- деп атап көрсетті Қ. Бакиев.

Қырғызстанның басшысы, саммит барысында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының аясындағы өзара ықпалдастықты одан әрі дамыту жөнінде шешім қабылданғандығын атап өтті. Президент күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің қатарынан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының аясында бітімгершілік іс-қызметінің механизмін нормативтік және ұйымдастырушылық тұрғыдан рәсімдеуге қатысты құжаттарды атап өтті.

Қ. Бакиевтің айтуынша, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттердің басшылары Ұйым аясындағы әскери-экономикалық ынтымақтастықтың дамуына оң баға берді. Сонымен қатар, әскери негіздегі өнімдерді әзірлеу мен өндіру саласындағы бірқатар құжаттарға қол қойылған.

Бұрын хабарлағанымыздай, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына 2008 жылы Қырғызстан төрағалық етеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны