06.03.2007, 13:44 3447

Қырғызстанда адам саудасына қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды

БІШКЕК. 6-наурыз. Kazakhstan Today. Қырғызстанда адам саудасына қатысы бар деген күдікпен үш адам, соның ішінде бір Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі осы елдің ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, осы жылдың 1-наурызында Қырғызстанның 38 жастағы азаматы өзі жақсы танымайтын адамдар оны 2007-жылдың 22-ақпанында алдау арқылы Алматы облысының Жаркент қаласына апарып сатып жібергенін айтып шағымданған.

Қырғызстан ІІМ қылмыстық іздестіру бас басқармасының қызметкерлері 5-наурызда осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Қырғызстанның Ново-Покровка ауылының 43 және 35 жастағы екі азаматы мен Жаркенттің 36 жастағы азаматын ұстады.

Құқық қорғау мекемелерінің мәліметіне сәйкес, олар құлдықта ұстау мақсатымен адам сатуға қатысты басқа да деректерге қатысты болуы ықтимал. Ұсталғандардың бірі бұрын алаяқтығы үшін сотталған. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны