08.08.2006, 19:06 3133

Қырғызстанда әуеден қорғаныс күштері құрылды

БІШКЕК. 8-тамыз. Kazakhstan Today. Президент Құрманбек Бакиевтің жарлығымен Қырғызстанда әуеден қорғаныс күштері құрылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Қырғызстан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, әуеден қорғаныс күштерінің құрамына әуеден қорғаныс бірлестіктері мен республика қорғаныс министрлігінің авиациясы енеді.

Қырғызстанның әуеден қорғаныс күштері әуе кеңістігіндегі ұлттық қауіпсіздік пен елдің егемендігін қамтамасыз ету, республиканың шекараларын қорғау, мемлекеттік, стратегиялық, әскери-өнеркәсіптік нысандар мен Қырғызстан әскерлерін қорғау үшін құрылған.

Қырғызстанның әуеден қорғаныс күштерінің тұңғыш қолбасшысы болып республика қорғаныс министрінің бұйрығымен интернационалист-жауынгер, әрі Бішкек қалалық кеңесінің депутаты, зымыран маманы Олег Попиков тағайындалды.

Жаңа құрылымның бір мақсаты - әуеден қорғаныс күштерінің орталық командалық бөлімінің ғимаратын салуға саяды. Бұл нысан ТМД елдерінің әуеден қорғаныс күштерінің бірлескен жүйесінің ықпалдастығы аясында салынады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны