02.03.2010, 14:41 2542

Қырғызстанда екі ірі героин партиясы тәркіленді

Қырғызстанда екі ірі героин партиясы тәркіленді

Бішкек. 2 наурыз. Kazakhstan Today - Қырғызстанда екі ірі героин партиясы тәркіленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қырғызстан ІІМ мен Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік қызметіне сілтеме жасап.

Қырғызстанның Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жедел алдын алу іс-шараларының барысында Бішкекте Қырғызстанның үш азаматы 3,5 килограмм героинмен ұсталды.

Бұл дерек бойынша Қырғызстанның Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік қызметі Қырғызстанның Қылмыстық кодексінің 247-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Ұсталғандар уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Сондай-ақ, Чу облысының Сокулук ауданы Военно-Антоновка кентінде көліктегі ІІБ қызметкерлері заңсыз есірткі сақтаған күдікті ұсталды. Бұған дейін ауыр қылмысы үшін сотталған 23 жастағы Майлы-Суу тұрғынынан 5 килограмм 50 грамм героин мен 2 килограмм 605 грамм гашиш табылып тәркіленді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны