17.04.2009, 16:25 2965

Қырғызстанда ірі көлемдегі экстази партиясымен Қазақстанның үш азаматы ұсталды

Қырғызстанда ірі көлемдегі экстази партиясымен Қазақстанның үш азаматы ұсталды

Бішкек. 17 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда ел тарихындағы ең ірі көлемдегі синтетикалық есірткі - экстази таблеткаларының партиясы ұсталды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігіне Қырғызстанның Есірткіні бақылау жөніндегі ұлттық агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Бішкектегі бір дәмханада 2009 жылдың 15 сәуірінде Қырғызстанның Есірткіні бақылау жөніндегі ұлттық агенттігінің қызметкерлері психотроптық заттардың саудасына қатысы бар деген күдікпен 21, 24 және 26 жастағы Қазақстан азаматтарын ұстады. Тінту барысында ұсталғандардан 400 экстази таблеткасы табылды.

Алдын-ала ақпаратқа сәйкес, ұсталғандар есірткіні Бішкектің би клубтарында сатпақ болған. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны