12.12.2008, 18:36 2695

Қырғызстанда ірі көлемдегі спирт партиясын Қазақстан аумағынан контрабандалық енгізуге жасалған әрекеттің жолы кесілді

Қырғызстанда ірі көлемдегі спирт партиясын Қазақстан аумағынан контрабандалық енгізуге жасалған әрекеттің жолы кесілді

Бішкек. 12 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда ірі көлемдегі спирт партиясын Қазақстан аумағынан контрабандалық енгізуге жасалған әрекеттің жолы кесілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстан үкіметінің жанындағы спирт пен алкогольді өнімдерді өндіру, сақтау және сату жөніндегі мемлекеттік агенттікке сілтеме жасап.

Жедел шараны аталған мемлекеттік агенттіктің Бішкек қалалық инспекциясы басқармасының бөлімі мен Қаржы полициясы қызметінің өкілдері бірлесе жүргізді.

750 литр контрабандалық жүк Шу облысының Талтақ ауылында Чуй өзенінің маңында шекаралық аймақта ұсталды. Тәркіленген контрабандалық тауардың құны 64 мың 125 сомды құрайды. Бұл іске қатысты материалдар қылмыстық іс қозғау үшін Қаржы полициясы қызметіне жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны