14.11.2007, 16:29 1464

Қырғызстанда Қазақстан мен Ресейге есірткі жеткізетін ірі арна жабылды

Қырғызстанда Қазақстан мен Ресейге есірткі жеткізетін ірі арна жабылды

Бішкек. 14 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда Қазақстан мен Ресейге есірткі жеткізетін ірі арна жабылды, деп хабарлайды агенттік Қырғызстанның есірткіні бақылау агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ош облысының Алай ауданы "Бор-Добо" бекетінде Қырғызстанның есірткіні бақылау агенттігінің оңтүстік басқармасының қызметкерлері Қырғызстан тарихында алғаш рет аса ірі көлемдегі есірткі - 43 килограмм героин тауып тәркіледі", - деп хабарлады агенттіктің баспасөз хытшысы Айсулу Садыкова.

"Есірткі ұйымдасқан қылмыстық топтың 53 жастағы мүшесінен тәркіленді, топ есірткіні Тәжікстаннан алып, Қазақстан мен Ресейге жөнелтіп отырған", - деді А.Садыкова.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғанға мүлкін тәркілету мен 12-20 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр.

Агенттік ақпаратына сәйкес, қара базарда осынша героин $1 млн 228 мың тұрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны