25.09.2006, 17:30 3114

Қырғызстанда Қазақстанға есірткі тасымалдайтын арнаның беті ашылды

БІШКЕК. 25-қыркүйек. Kazakhstan Today. Бішкекте Тәжікстаннан Қазақстанға апиын тасымалдап келген есірткі тасушы ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Оперативтік қызметкерлер Қазақстанға ауыр есірткі түрлерін таситын есірткі тасымалдаушы туралы ақпаратты осыдан үш ай бұрын алған. Жуырда Бішкекте 32 жастағы екі мәрте сотталған жігіт ұсталды. Одан 22 килограмм 102 грамм шикі апиын тәркіленді",- деп хабарлайды Қырғызстанның есірткіні бақылау жөніндегі агенттігі.

Агенттік қызметкерлерінің ақпаратына сәйкес, тұтқын Қырғызстанның оңтүстігіндегі бір тұрақты қылмыстық топтың құрамына кірген. Ол уақытша тергеу абақтысына қамалды. Қазір оперативтік және тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны