23.09.2008, 18:52 2745

Қырғызстанда Қазақстаннан шыққан контрабандалық жүк : 7 тонна кальций фосфаты мен 76 мың тауық жұмыртқасы ұсталды

Қырғызстанда Қазақстаннан шыққан контрабандалық жүк : 7 тонна кальций фосфаты мен 76 мың тауық жұмыртқасы ұсталды

Бішкек. 23 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда Қазақстаннан шыққан контрабандалық жүк : 7 тонна кальций фосфаты мен 76 мың тауық жұмыртқасы ұсталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстанның Мемлекеттік кеден комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан азаматы айдаған КамАЗ қырғыз-қазақ шекарасындағы "Токмак" кеден бекетінің маңындағы шұғыл іздестіру шараларының барысында ұсталды.

Жалпы құны 50 мың сомды құрайтын тауардың ілеспе құжаттары жүргізушіде болмай шықты. Бірақ, жүк Алматыда тиелген.

Контрабандалық тауар тиелген жүк көлігін Солтүстік өңір бойынша оперативтік кеден қызметкерлері қолға түсірді. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Үш валентті кальций фосфаты мармелад пен джем өндіруде қолданылатын азық-түліктік фосфатқа жатады.

1 сом = 3,30 теңге.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны