24.10.2007, 12:18 1455

Қырғызстанда Қазақстанның азаматын ұрлау дерегіне қатысты күдікті ұсталды

Қырғызстанда Қазақстанның азаматын ұрлау дерегіне қатысты күдікті ұсталды.

Бішкек. 24-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда төлем алу мақсатында Қазақстанның азаматын ұрлады деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Құқық қорғау органына Қазақстан азаматынан өздеріне жақсы таныс емес Қырғызстан тұрғыны өзінің туысын ұрлап әкетіп, 5 мың АҚШ доллары көлемінде төлемақы сұрап жатқандығы туралы арыз 23-қазанда келіп түскен, ол Қазақстан азаматын 28-қазада ұрлап әкеткен",- деп хабарлады баспасөз қыметіндегілер.

Азаматтың арызына жедел әрекет еткен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Жалал-Абад облысының Базар-Коргон ауданында жүрген күдіктіні ұстаған. Ол уақытша тергеу изляторына қамалды, деп қосты баспасөз қызметіндегілер.

Жедел қызметкерлердің ақпараттарына сүйенсек, ұрланған азамат та осы облыста. Оны іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны