29.05.2007, 18:39 3243

Қырғызстанда Шанхай Ынтымақтастық Ұйыманың бірлескен командалық-штабтық жаттығуы өтуде

БІШКЕК. 29 - мамыр. Kazakhstan Today. Қырғызстанда 28-ші және 31-ші мамыр аралығында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының "Ыстықкөл - Антитеррор-2007" атты бірлескен командалық-штабтық жаттығуы өтуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Қырғызстанның Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз орталығына сілтеме жасай отырып.

Баспасөз орталығының ақпараттарына сүйенсек, жаттығу Ыстықкөлдің жағалауында орналасқан әскери полигонда үш кезеңде өтеді. Мақсаты - Қырғызстанда кең ауқымды арнайы шаралар өткізу барысында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің құқық қорғау органдарының, күш құрылымдар мен арнаулы қызметтерін тиімді үйлестіру және өзара тығыз ықпалдастығын пысықтау болып табылады.

Жаттығу барысында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің террорлық ұйым мүшелерін анықтау, оқшаулау және залалсыздандыру бойынша арнайы қызметтер мен қауіпсіздік органдарының бірлескен іс-қызметін пысықтайды. Сәрсенбіде, 30-мамырда шартты террористер тобын құрсаулау және жоюға қатысты жауынгерлік іс-шаралар, сонымен қатар шартты кепілдікке алынған адамдарды босатуға қатысты арнайы іс-шаралар жүргізу жоспарлануда.

Антитеррорлық жаттығуға Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының аймақтық антитеррорлық құрылымының, ҰҚШҰ, ТМД Антитерорлық орталығының, Ресей Федерациясының, Қытай Халық Республиксының, Қазақстанның, Өзбекстанның, Тәжікстанның арнайы қызметтері мен қауіпсіздік органдырының өкілдері, сонымен қатар Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына бақылау жасайтын статусы бар - Пәкістан Ислам Республикасы, Иран, Үндістан және Монғолия елдірінің ресми өкілдері қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны