05.06.2007, 17:08 3228

Қырғызстанда шетелден жеткізілген оқ-дәрілердің ірі топтамасы ұсталды

БІШКЕК. 5 - маусым. Kazakhstan Today. Қырғызстанда шетелден жеткізілген жүк ұсталды, ол 4,5 млн-нан астам оқ болып шықты, деп хабарлады Қырғызстан Республикасының Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, күдік тудырған жүкті тексеру барысында 7600 темір жәшік табылып, тәркіленген, онда 4 млн 639 мың 800 оқ болған. Жүк тәркіленді, Қырғызстан Республикасының Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу басқармасы оқ-дәрілердің ірі топтамасының контрабанасы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Баспасөз қызметіндегілер жүкті қай елден әкелінгендігін анықтап айтпады, тек контарабандаға "алыс және жақын шетелдердегі жекелеген азаматтардың" қатысы бар екендігін ғана хабарлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны