22.06.2007, 11:03 2563

Қырғызстанда жоғары лауазымды шенеунік құпия мәліметтерді беріп жатқан кезде ұсталды

БІШКЕК. 22-маусым. Kazakhstan Today. Қырғызстанның арнаулы қызметтері жоғары лауазымды шенеунікті шетел азаматына құпия мәліметтерді беріп жатқан сәтте ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі осы елдің Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің қарсы бақылау шарасының нәтижесінде Бішкекте Қырғызстанның бір шешуші мемлекеттік мекемесінің жауапты қызметкері шетелдік барлау қызметінің өкіліне жабық сипаттағы мәліметтерді беріп жатқан сәтте құрықталды",- делінген баспасөзге арналған хабарламада.

Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл дерек бойынша Қырғызстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 302-ші бабы, 1-тармағы бойынша (қызмет бабындағы құпияға жататын мәліметтерді шетелдік ұйымдарға беру немесе беру үшін жинау) қылмыстық іс қозғады.

Қазір қылмыстық істің екі фигуранты да Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу абақтысына тоғытылып, тиісті оперативтік-тергеу шаралары жүргізілуде.

Ұсталғандардың аты-жөні мен бұл істің бұдан басқа да егжей-тегжейін арнаулы қызметтер жария етпей отыр. Алайда, қазір белгілісі, Қырғызстан азаматы шетелдік барлау қызметіне бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны