02.03.2007, 18:42 2866

Қырғызстандық әйел елімізге 3 млн-дай теңгені заңсыз алып өтпек болған жерінен құрықталды

АСТАНА. 2-наурыз. Kazakhstan Today. Қазақстан мен Қырғызстанның шекарасында елімізге 3 млн шамасындағы теңгені заңсыз алып өтпек болған қырғызстандық әйел құрықталды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, бүгін 12.00 шамасында "Қордай" өткізу бекетінің шекарашылары Қырғызстан Республикасынан Қазақстанға бет алған Қырғызстанның азаматшасын ұстаған. "Ийелден 2 млн 850 мың теңге көлеміндегі декларациядан көрсетілмеген ақша табылды",- деп түсіндірді баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны