25.01.2007, 14:58 3184

Қырғызстанның алты азаматы автобустың жүк салатын бөлігінде елімізге келуге талпынды

ТАРАЗ. 25-қаңтар. Kazakhstan Today. "Қордай" шекаралық бекетінде автобустың жүк салатын бөлігінде елімізге келуге әрекет жасаған Қырғызстанның алты азаматы ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне Жамбыл облыстық ҰҚКД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Басым бөлігі Ош және Жалалабад облысының тұрғындары болып табылан заң бұзушылар Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан жеке бастарын куәландыратын құжатсыз өтуге талпынған.

Осы автобуспен келе жатқан қырғызстандық әйел ҚР Қылмыстық кодексінің 330-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады. ҰҚКД түсініктемесіне сәйкес, әйел әрбір адамнан 3 мың теңгеден жинап, мемлекеттік шекараны бұзу оқиғасын ұйымдастырған.

Іс Қордай аудандық ІІБ-на тергеуге жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны