28.10.2007, 13:57 2987

Қырғызстанның азаматтары есірткі тасымалдағаны үшін құрықталды

Қырғызстанның азаматтары есірткі тасымалдағаны үшін құрықталды.

Астана. 28-қазан. Қазақстан Бүгін" - Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында Қырғызстан Республикасының азаматтары заңсыз есірткі тасымалдағаны үшін құрықталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республкасыны Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің ақпараттарына сүйенсек, 25-қазанда "Қордай" кедендік постында Қазақстан Республикасына бет алған Қырғызстан азаматын тексеру барысында одан 116 грамнан астам гашиш табылып, тәркіленген.

"Жамбыл облысының Кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері оның үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 250-ші және 259-шы баптары бойынша (тыйым салынған заттарды тасымалдау және есірткіні заңсыз дайындау, сақтау, тасымалдау) қылмыстық іс қозғады",- деп хабарлады Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетіндегілер.

Сонымен қатар, 26-қазанда Шығыс Қазақстан облысында осы тектес қылмысы үшін Қырғызстан Республикасының тағы бір азаматы қолға түскен, деп қосты баспасөз қызметіндегілер.

"Сетра" маркалы автобусымен Бішкек - Томск бағыты бойынша бет алып бара жатқан Қырғызстанның азаматынан кедендік бақылау жүргізу кезінде салмағы 743,76 грамм героин табылып, тәркіленді",- деп түсіндіріп өтті Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің қыметкерлері.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны