24.05.2017, 15:53 4581

Қырымбек Көшербаев: халықаралық форум Аралға әлем назарын аударады

-Соӊғы жылдары Арал экологиясына тиісті орындар тарапынан жеткілікті көӊіл бөлінбей келеді. Осыған орай біздіӊ ҚР Президенті Икімшілігіне жасаған ұсынысымыз негізінде Қауіпсіздік кеӊесініӊ отырысы өткізіліп, бұл бағытта біраз мәселеніӊ шешімі айтылды. Соныӊ бірі 30-31 мамыр күндері Арал қаласында өтетін халықаралық форум.

Қызылорда. 24 мамыр. Kazakhstan Today - Кеше "Қазақстан-Қызылорда" телеарнасыныӊ тікелей эфирінде өткен "Икім сағаты" хабарында Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев аймақтыӊ тыныс-тіршілігі мен алдағы жоба-жоспарлар жайлы тарата айтты.

Аймақ басшысы хабарда осы айдыӊ аяғында Арал қаласында өтетін халықаралық форумға да тоқтала кетті.

-Соӊғы жылдары Арал экологиясына тиісті орындар тарапынан жеткілікті көӊіл бөлінбей келеді. Осыған орай біздіӊ ҚР Президенті Икімшілігіне жасаған ұсынысымыз негізінде Қауіпсіздік кеӊесініӊ отырысы өткізіліп, бұл бағытта біраз мәселеніӊ шешімі айтылды. Соныӊ бірі 30-31 мамыр күндері Арал қаласында өтетін халықаралық форум.

Мысалы, тартылған Аралдыӊ табанынан ұшқан тұз Антрактидаға жетіп отыр. Мына жанымыздағы Байқоӊырдыӊ да экологиялық зардабы әлі толық зерттелген жоқ. Осыныӊ бәрі өӊірдіӊ тұрақты дамуына да кедергісін тигізіп отыр. Форумға шақырылған тиісті халықаралық ұйымдар өкілдері алдында осы мәселені айтып, ортақ мәселе жөнінде ойласамыз. Және жыл сайын өӊірде осы форумды өткіземіз деген ойымыз бар. Бұл шара аймақтыӊ әлеуметтік, экологиялық проблемасын шешуге өз үлесін қосады деп ойлаймыз, - деді облыс әкімі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны