01.05.2017, 21:08 4233

Қырымбек Көшербаев пен Ислам Ибішев Сырдария арналарыныӊ су тасқыны ықтимал аумақтарын тексерді

Демалыс күндері Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев пен Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетініӊ төрағасы Ислам Ибішев Жаӊақорған, Шиелі, Сырдария, Жалағаш және Қармақшы аудандарын аралап, Сырдария өзені жағалауыныӊ су тасқыны қаупі төніп тұрған аумақтарын тікұшақпен бақылады.

Қызылорда. 1 мамыр. Kazakhstan Today - Демалыс күндері Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев пен Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетініӊ төрағасы Ислам Ибішев Жаӊақорған, Шиелі, Сырдария, Жалағаш және Қармақшы аудандарын аралап, Сырдария өзені жағалауыныӊ су тасқыны қаупі төніп тұрған аумақтарын тікұшақпен бақылады.

Жауапты мекеме басшыларымен бірге олар Шиелі ауданындағы үрлемелі тоспаны, Сырдария ауданындағы жаӊа көпірді көріп, Қармақшы ауданы Жаӊажол ауылдық округініӊ аумағындағы атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысты.

- Биылғы жылы қаӊтар мен сәуір айларын қоса есептегенде Шардара су қоймасына 13 млрд. текше метр су келді. Дәл осындай үлкен мөлшердегі су Сырдария өзенінде соӊғы рет 1969 жылы болған. 2-16 мамыр аралығында жауын-шашын мол болады деп болжануда. Демек, соныӊ әсерінен судыӊ көлемі тағы да ұлғаюы мүмкін. Оныӊ үстіне Қаратаудыӊ басындағы қар әлі ери қойған жоқ. Өзен арналарыныӊ барлық қауіпті тұстарына жауапты тұлғалар қойылып, кезекшілік орнатылды. Онымен қоса тұрғындардыӊ өздері де ауызбіршілік танытып, жағалау аумағына нығайту жұмыстарын жүргізуде. Егер өзен арнасы тағы да көтерілетіндей жағдай туындаса аса ірі көлемдегі суды босату туралы көршілес Өзбекстан мемлекетімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз,- деді Ислам Ибішев.

Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаевтыӊ айтуынша, Сыр елініӊ диқандары судан тапшылық көріп отырғаннан кейін су көлемініӊ ұлғайғанына әрине қуанады. Алайда, елді мекендердіӊ 85 пайызы Сырдарияныӊ бойында орналасқан. Онда халқымыздыӊ 93 пайызы тұрады.

- Бүгінде 56 елді мекенге, 357 мыӊ тұрғынға, 84 мыӊ баспанаға, шаруа қожалықтарындағы 247 мыӊ мал басына қауіп төніп тұр. Сондықтан осы қауіптіӊ алдын алу үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі, Су ресурстары комитетімен, Төтенше жағдайлар комитетімен, шаруашылық басшыларымен және жергілікті кәсіпкерлермен бірлесе отырып, қауіптіӊ алдын алу жұмыстарын жұмыла жүргізіп жатырмыз. Сонымен бірге өткен аптада Үкіметте Шиелі ауданында сыйымдылығы 600 млн. текше метрлік Күміскеткен су қоймасын салу жобасын тағы бір мәрте талқыладық. Бұл жоба су тасқыныныӊ алдын алуға, сондай-ақ су тапшылығын болдырмауға мүмкіндік береді. 15-20 мамырға дейін төтенше жағдайлар режимінде жұмыс істеп, қауіпсіздік шараларын жоспарлаған кестеге сәйкес жүргізетін боламыз,- деді Қырымбек Көшербаев.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны