29.05.2017, 16:31 4489

Қыркүйекте Астанада халықаралық жолаушылар форумы өткізіледі

Бұл шешімді Мәскеудегі Достастыққа қатысушы елдердіӊ Теміржол көлігі кеӊесініӊ 66-шы отырысы қабылдады. Форумға Изірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина, Грузия, Латвия, Литва, Эстония теміржол әкімшіліктері шақырылды.

Астана. 29 мамыр. Kazakhstan Today - Қыркүйекте Астанада халықаралық жолаушылар форумын өткізу жоспарлануда.

Бұл шешімді Мәскеудегі Достастыққа қатысушы елдердіӊ Теміржол көлігі кеӊесініӊ 66-шы отырысы қабылдады. Форумға Изірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина, Грузия, Латвия, Литва, Эстония теміржол әкімшіліктері шақырылды. Жолаушылар форумы Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында өткізіледі.

"РТЖ" ААҚ бірінші вице-президенті Анатолий Краснощек ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесініӊ Қазақстан үшін ғана емес, Достастық елдері үшін де маӊызыныӊ зор екендігін атап өтті.

"Біз бұл шараға ерекше көӊіл бөліп отырмыз. Көрме тақырыбы айрықша маӊызды - "жасыл технология" барлық жерде өндіріске енгізілуде. Теміржол инфрақұрылымында экологиялық қауіпсіздікті сақтау мен жақсарту өте маӊызды",-дейді А. Краснощек.

"Грузия темір жолы" АҚ Бас директоры Мамука Бахтадзеніӊ айтуынша, "қоғам оныӊ ішінде әсіресе, бизнес қауымдастығы теміржол саласыныӊ "жасыл экономиканы" ұстанатындығын білуі тиіс. Мәселен, автокөлік саласында ауаға лас заттарды шығару 73 пайызды құраса, теміржолда небәрі 2,5 пайыз ғана. ЭКСПО халықаралық көрмесі секілді шараны өндіріске экологиялық қауіпсіз технологияны енгізудіӊ маӊыздылығын көрсетеді".

"ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі тарихи оқиға. Илемдегі маӊызды шаралардыӊ қатарынан саналады. Оныӊ Қазақстанда өткізілетін етіп таӊдалуы - үлкен абырой. Үлкен абырой ғана емес, аса жауапкершілігі мол шара. Сондықтан барша қазақстандықтармен қатар біз теміржолшылар да міндетті түрде мемлекеттік жүйеніӊ қадамын құптап, қолдауы тиіс. Осыған орай теміржолшылар жолаушылар форумын өткізуді жоспарлап отыр",-дейді М. Бахтадзе.

Иран теміржолыныӊ вице-президенті Хусейін Ашури халықаралық көрменіӊ өткізілуі теміржолшылардыӊ, компаниялардыӊ, елдердіӊ ынтымақтастығыныӊ кепілі екендігін айтады. Иран тарабы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысуға мүдделі болып отыр.

"Теміржол көлігі қоршаған ортаны ластау, жанар-жағармай отынын жағу көрсеткіші жөнінен де төмен. Соӊғы жылдары Иран үкіметі бұл саланы жасыл экономикаға көшіру мақсатында біраз іс тындырды. Парламент теміржол көлігі саласын жасыл технологияға көшіру үшін мемлекеттік бюджеттен жылына бір пайыз төлеп тұрады",-дейді Х. Ашури.

Достастыққа қатысушы елдердіӊ Теміржол көлігі кеӊесі Дирекциясыныӊ төрағасы Петр Кучеренконыӊ пайымдауынша, Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне осы саладағы еӊ озық технологиялар ұсынылады.

"Қазақстан халықаралық көрмеге тыӊғылықты дайындалуда. Біз осы көрмеден көлік саласына қатысты әрі басқа да салалар бойынша тәжірибе алмасатын боламыз. Көрмемен танысып қана қоймай, халықаралық теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдаудыӊ өзекті жайлары бойынша да ақпарат алмасатын боламыз",-дейді П. Кучеренко.

Атап өтерлігі, Достастыққа қатысушы елдердіӊ Теміржол көлігі кеӊесініӊ 2015 жылғы қарашада Ташкентте қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Келісімі жасалды. Соған орай, теміржол көлігі саласындағы экологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық орталық құрылды,- деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны