29.09.2009, 18:21 2882

Кісі өліміне алып келген жол апатына кінәлі жүргізушілерді 70% жағдайларда бас бостандығынан айыруға үкім шығарылады - Ішкі істер министрі

Кісі өліміне алып келген жол апатына кінәлі жүргізушілерді 70% жағдайларда бас бостандығынан айыруға үкім шығарылады - Ішкі істер министрі

Астана. 29 қыркүйек. Kazakhstan Today - Кісі өліміне алып келген жол апатына кінәлі жүргізушілерді 70% жағдайларда бас бостандығынан айыруға үкім шығарылады. ҚР ішкі істер министрі Серік Баймағанбетов парламент сенатында өткен үкіметтік сағаттан кейін журналистерге құқық қорғаушы Евгений Жовтиске қатысты ахуалға берген түсініктемесінде осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Сот тәжірибесі көрсетіп отырғандай, мұндай заң бұзушылық жасаған тұлғалардың 70%-дан астамы бас бостандығынан айыру түрінде жазаланады. Сотқа қатысты мұндай талдамалық мәліметті мен сіздерге заңгер ретінде бере аламын", - деді министр.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ағымдағы жылдың 26 шілдесінде Алматы облысының Алматы - Қараой тас жолында танымал құқық қорғаушы Евгений Жовтис бір адамды қағып өлтірді. 1974 жылы туған жаяу жүргінші Қанат Молдыбаев оқиға орнында жан тапсырды.

Сот 3 қыркүйекте Қазақстанның Халықаралық адам құқықтары және заңдылықтың сақталуы жөніндегі бюросының директоры Евгений Жовтисті төрт жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарған болатын. Соттың үкімі бойынша Е. Жовтис кінәлі деп танылып, абайсызда қылмыс жасаған тұлға ретінде жазаны түрме-мекенде өтеу арқылы төрт жылға бас бостандығынан айыруға кесілді, және ол автокөлік жүргізу құқығынан үш жылға айрылды.

Судьяның тұжырымы бойынша, Жовтис жол қозғалысының ережесін бұзуы салдарынан адамды өлімге душар еткен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны