01.04.2013, 14:23 4307

Қыстың басынан бастап құтқарушылар қар құрсауынан шамамен 10 мың адамды құтқарды

"Қысқы мерзімнің басынан бастап құтқарушылар қар құрсауынан шамамен 10 мың адам және 3 мың техника бірлігі құтқарылып, қауіпсіз жерге көшірілді... 2013 жылдың 7-ші 10-шы наурыз аралығының өзінде ТЖМ аумақтық органдарының кезекші-диспетчерлік қызмет телефондарына қар құрсауына түсіп, көмек сұрап хабарласқан азаматтардан 80 мыңнан астам қоңырау келіп түсті", - деді В.Петров.

Астана. 1-сәуір. Kazakhstan Today - 2012-2013 жылдың қысқы мерзімінің басынан бастап, құтқарушылар қар құрсауынан шамамен 10 мың адамды және 3 мың техника бірлігін құтқарып, қауіпсіз жерге көшірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникация қызметінің баспасөз мәслихатында ҚР ТЖ бойынша вице-министр Валерий Петров мәлім етті.

"Қысқы мерзімнің басынан бастап құтқарушылар қар құрсауынан шамамен 10 мың адам және 3 мың техника бірлігі құтқарылып, қауіпсіз жерге көшірілді... 2013 жылдың 7-ші 10-шы наурыз аралығының өзінде ТЖМ аумақтық органдарының кезекші-диспетчерлік қызмет телефондарына қар құрсауына түсіп, көмек сұрап хабарласқан азаматтардан 80 мыңнан астам қоңырау келіп түсті", - деді В.Петров.

Осыған байланысты құтқару бөлімшелері іздеу-құтқару жұмыстарына 152 көлік жөнелтті, оған қоса 3316 азамат құтқарылып, эвакуацияланды, олардың 56-сы бала, 1415 техника бірлігі, оның ішінде 31 автобус.

ТЖМ мәліметі бойынша қар құрсауында қалған автомобиль техникасының бәрі сүйретіп апарылды, ал құтқарылған азаматтар жылыну пункттеріне жеткізілді, ол жерде ыстық тағам ұйымдастырылды, ал ауа райы жақсарған соң жол полициясының сүйемелдеуімен олар белгіленген пункттерге жеткізілді. Қар құрсауында қалуына байланысты адам өліміне қатысты сәтсіз оқиғалар орын алған жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны