12.10.2015, 13:33 3947

Қытай қазақстандық армияға ақысыз негізде техника береді

Бүгін, 12 қазанда ҚР Қорғаныс министрлігінде ведомство басшысы Иманғали Тасмагамбетов пен ҚХР Қорғаныс министрі генерал-полковник Чан Ваньцюаньніӊ кездесуі өтті

Астана. 12 Қазан. Kazakhstan Today - Бүгін, 12 қазанда ҚР Қорғаныс министрлігінде ведомство басшысы Иманғали Тасмагамбетов пен ҚХР Қорғаныс министрі генерал-полковник Чан Ваньцюаньніӊ кездесуі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бүгінгі кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасыныӊ Қарулы Күштеріне ақысыз негізде техникалық көмек көрсету туралы ҚР және Қытай арасындағы келісімге қол қойылды. Келісім тралдары бар ершікті тартқыштар мен тиеу-азайту тұғырын беруді көздейді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Сонымен қатар, ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов қытай өкілдерін Астана қаласында 2016 жылдыӊ маусымында өтетін "КАДЕКС-2016" әскери техника мен қару-жарақтыӊ халықаралық көрмесіне қатысуға шақырды.

"Қытай қорғаныс өнеркәсібі кешенініӊ экспозициясы жоғары деӊгейде ұсынылады деп үміттенемін. Бұл біздіӊ әскери-техникалық ынтымақтастығымызға қосымша серпін береді", - деді қорғаныс ведомствосыныӊ басшысы.

Өзара іс-қимыл жасаудыӊ маӊызды аспектісі бірлесіп дайындалу және ассиметриялық қауіп-қатерлерге (арнайы мақсаттағы бөлімшелерді дайындау) қарсы іс-қимыл жөніндегі әлеуетті арттыру аясында тәжірибе алмасу болып табылады. Қазақстан таулы даярлық, жауынгерлік жүзушілерді дайындау, қарулы күштер арнайы бөлімшелерініӊ қалалық жағдайлардағы әрекет етуі бойынша бірлескен іс-шараларды ұйымдастыруға мүдделі. Жақын арада Қытай мен Қазақстанныӊ аумағында бірлескен роталық-тактикалық лаӊкестікке қарсы оқу-жаттығуыныӊ өтуі жоспарлануда.

Одан басқа, екі елдіӊ өзара іс-қимылында әскери білім беру саласы маӊызды рөл атқарады. Бүгінгі таӊда қазақстандық әскери қызметшілер Қытайдыӊ ұлт-азаттық армиясыныӊ әскери жоғары оқу орындарында білім алуда. ҚР-ныӊ әскери қызметшілері Қытай армиясыныӊ түрлік (ИИК, ИТК және ҚИ) академияларында, сондай-ақ әртүрлі мамандықтар бойынша даярлау курстарында білім нәрін сусындауда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны