28.03.2013, 10:03 3247

Қытай соты Ұйғыр автономиясының 20 тұрғынын соттады

BNews.kz ақпараттық агенттігінің Синьхуа агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, ең жеңіл жазаға ілінгендері алдағы 5 жылға сотталды. Ал, ауыр жазаланғандары өмірінің соңына дейінгі уақытын темір тордың арғы жағында өткізбек.

Астана. 28-наурыз. Kazakhstan Today - Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиясының 20 тұрғынын жергілікті сот лаңкестік және сепаратистік әрекеттері үшін бас бостандықтарынан айырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің Синьхуа агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, ең жеңіл жазаға ілінгендері алдағы 5 жылға сотталды. Ал, ауыр жазаланғандары өмірінің соңына дейінгі уақытын темір тордың арғы жағында өткізбек.

Сот отырысы 26 наурыз күні Қашқар округінде өткен. Кінәлі деп танылған он тоғыз адамға "лаңкестік әрекеттер жасау үшін ұялы телефондар мен ақпарат сақтайтын электронды құрылғылар пайдаланды және шекараны заңсыз кесті" деген айыптар тағылып отыр.

Сонымен қатар, Баянгөл-Монғол автономиялық округінде тағы бір күдікті сепаратистік әрекеті үшін 10 жылға бас бостандығынан айрылды. Ол ғаламторды сепаратистік және лаңкестік идеяларын нгасихаттау үшін пайдаланған деп айыпталған.

Айта кетейік, Синьцзян Қытайдағы ең "қызу" нүктелердің бірі. Биліктегілердің айтуынша, аймақта "Шығыс Түркістанның ислам қозғалысы" деп аталатын экстремистік топ кең қанат жайған. Ресми Пекин болса бұл ұйымды қауіпті лаңкестік топқа жатқызып, оның барлық әрекетін әшкерелеуді алдына мақсат етіп қоюда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны