17.04.2015, 22:14 3986

Қытайдыӊ діни бірлестіктері Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларыныӊ V съезіне қатысатынын растады

А. Бижанов діни лидерлері қытайлық делегациясыныӊ Съездіӊ жұмысына қатысуы Қытайдыӊ дәстүрлі конфессияларыныӊ мәдениетаралық және өркениетаралық диалогты жаһандық деӊгейде белсене ілгерілетудегі игі жігері мен ықыласын көрсететінін атап өтті

Астана. 17 сәуір. Kazakhstan Today - Қытайға сапары барысында ҚР Парламенті Сенаты Илеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетініӊ төрағасы Ахан Бижанов ҚХР Дін істері жөніндегі мемлекеттік басқармасыныӊ басшысы Ван Цзоаньмен өткен кездесуде Қытайдыӊ діни бірлестіктеріне 2015 ж. 10-11 маусымда Астанада өтетін Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларыныӊ V съезіне шақыру хаттарды табыс етті. Кездесуге Қытайдыӊ Дао, Будда және Мұсылман қауымдастықтарыныӊ басшылары қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

А. Бижанов діни лидерлері қытайлық делегациясыныӊ Съездіӊ жұмысына қатысуы Қытайдыӊ дәстүрлі конфессияларыныӊ мәдениетаралық және өркениетаралық диалогты жаһандық деӊгейде белсене ілгерілетудегі игі жігері мен ықыласын көрсететінін атап өтті, деп хабарлайды www.mfa.kz тілшісі.

Ван Цзоань V Съезге шақыруы үшін Қазақстанныӊ басшылығына алғысын білдірді. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ осы Форумды өткізудегі бастамасыныӊ маӊыздылығын атап, оныӊ мәдениет пен өркениеттіӊ ғаламдық диалогын алға жылжытуда беделді халықаралық алаӊға айналғанын жеткізді. Қытайдыӊ діни бірлестіктері алдағы Съезге қатысатынын растады, деп айтты ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны