19.05.2010, 17:23 3266

Қызылорда қаласында бірінші сыныпта оқитын 7 жастағы қыз баланы өлтірген қылмыскер ұсталды - ІІМ

Қызылорда қаласында бірінші сыныпта оқитын 7 жастағы қыз баланы өлтірген қылмыскер ұсталды - ІІМ

Астана. 19 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда қаласында бірінші сыныпта оқитын 7 жастағы қыз баланы өлтірген қылмыскер ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"12 мамырда Қызылорда қаласында бірінші сыныпта оқитын 7 жастағы қыз бала таңертең мектепке кеткен беті үйіне оралмаған. Полицияға қала маңындағы Гагарин ауылында тұратын оның анасы хабарласып, көрші үйдің қорасынан буындырған іздері бар қызының мәйіті табылғанын жеткізген. Сырдария ауданының Тереңөзек ауылында мас күйде кісі өлтірген 35 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Қылмыскер туыстарының үйінде отырған жерінде ұсталды.

Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, бірқатар сот сараптамалары тағайындалды. Аталған факт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде",- деді Қ.Жұманов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны