19.04.2017, 16:15 4929

Қызылорда қаласыныӊ әкімі құрылыс нысандарын аралады

Жалпы биыл қалада 298,8 млн.теӊгеге жалпы ұзындығы 9,12 шақырымды құрайтын 14 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстары, 72,2 млн. теӊгеге 50 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалуда.

Қызылорда қаласыныӊ әкімі құрылыс нысандарын аралады

Қызылорда. 19 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда қаласыныӊ әкімі Нұрлыбек Нәлібаев облыс орталығындағы бірқатар нысандарды аралады. Иуелі Тәуелсіздік даӊғылыныӊ бойындағы "Арай" жер асты су топтамасыныӊ аумағында ағаш отырғызған қала басшысы "ҚР Тұӊғыш Президент саябағы" және "Рәміздер алаӊы" аралығындағы "Жасыл белдеу" жұмысымен танысты. Бір жарым гектар жерді алып жатқан "Жасыл белдеуге" бүгінде 6 мыӊ дана ағаш көшеттері отырғызылды.

Келесі кезекте Нұрлыбек Мәшбекұлы Арай тұрғын ауданында орналасқан қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіштіӊ қайта жаӊғырту жұмыстарымен танысты.

Бұл жұмысқа бюджеттен 142 млн.470 мыӊ теӊге қаралған. Бұрынғы келбетін сақтай отырып ескерткіш толық мрамор жабындысымен қапталуда және шағын аллея мен арнайы тағзым ету орындары қарастырылған бұл аумақта жарық шамдар, орындықтар орнатылып, кеспе тастар төселеді.

- Бұл жұмыстармен қатар, Жібек жолы даӊғылынан бастап ескерткішке дейінгі аралықтағы Ибдіреев көшесін толық қайта жаӊғыртудан өткіземіз. Екі бетіне жаяу жүргіншілер жолы және жарық бағаналары орнатылады. "Өткенге салауат, келешекке аманат" - демекші, осы күнді аӊсап кеткен Алаш қайраткерлеріне құрмет қай заманда болсын ұмытылмауы тиіс. 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне дейін қайта жаӊғырту жұмыстарын толық аяқтап, биылғы "Алаш" қозғалысыныӊ 100 жылдығына орай осы жерде үлкен шара ұйымдастырамыз, - деді қала әкімі Н.Нәлібаев.

Сондай-ақ қала басшысы "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры АҚ арқылы Демесінов көшесініӊ бойынан салынып жатқан, 230 пәтерлі 4 көпқабатты тұрғын үйлердіӊ құрылысымен танысып, мердігер мекеме - "Бақ-Береке" ЖШС құрылысшыларымен кездесті. Тұрғын үйлердіӊ жалпы аумағы 15,6 мыӊ шаршы метрді құрайды. Құрылыс жұмыстарыныӊ құны 2 млрд.637,1 млн. теӊге.

Жалпы айтқанда биылғы жылы, Қызылорда қаласы бойынша 25 көпқабатты тұрғын үйлердіӊ құрылысы жүргізілуде.

Оныӊ ішінде, Сырдария өзенініӊ сол жағалауынан жаӊа қала тұрғызу жобасы бойынша мемлекеттік - жекеменшік әріптестік аясында, құрылыс компанияларыныӊ өз қаражаты есебінен 9,2 гектар аумаққа 840 пәтерлі 18 көпқабатты тұрғын үйлердіӊ құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Қала әкімі аядаған келесі нысан Қорқыт Ата көшесіне күрделі жол жөндеу жұмыстары болды.

Қала орталығындағы Қазыбек би көшесінен Жезқазған автожолына дейінгі жалпы ұзындығы 5,8 шақырымдық жолдыӊ ені 14-21 метр, 4 жолақты, 11,7 шақырым жаяу жүргіншілер жолы салынып, 118 дана түнгі жарық бағаналары орналасады, 22 аялдама, екі бетіне барлық талаптарға сай суағар орналасады. Облыстық бюджеттен 1 млрд. 426 млн.теӊге қаралған жөндеу жұмысын "УАД" ЖШС жүргізіп жатыр.

Жалпы биыл қалада 298,8 млн.теӊгеге жалпы ұзындығы 9,12 шақырымды құрайтын 14 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстары, 72,2 млн. теӊгеге 50 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалуда.

Бюджетті нақтылау барысында үнемделген қаржы есебінен 6 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге қалалық бюджеттен 152 млн. теӊге қаржы қаралып, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны