25.04.2017, 19:04 4446

Қызылорда облысы әкімдігі мен Microsoft компаниясы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қояды

Ағымдағы жылдыӊ 25 сәуірі күні Астана қаласында Қызылорда облысы әкімі Қырымбек Көшербаевтыӊ "Microsoft Казахстан" ЖШС директоры Рональдом Бинкофскимен кездесуі өтеді.

Қызылорда. 25 сәуір. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдыӊ 25 сәуірі күні Астана қаласында Қызылорда облысы әкімі Қырымбек Көшербаевтыӊ "Microsoft Казахстан" ЖШС директоры Рональдом Бинкофскимен кездесуі өтеді.

Кездесу барысында Қызылорда облысы әкімдігі мен Мicrosoft компаниясы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылмақ.

Меморандум Елбасыныӊ Жолдауын жүзеге асыру мақсатында жасалады (онлайн қызметтер мен "Сандық Қазақстан" бағдарламасын дамыту) және білім беру саласында инженерлік компьютерлік технологияларды пайдалануды мектеп оқушыларына, студенттерге онлайн режимде оқыту мәселелері қарастырылады (www.education.microsoft.com).

Сонымен қатар, Қызылорда облысыныӊ орта және жоғары оқу орындарыныӊ оқушылары арасында Microsoft компаниясыныӊ өнімдерін пайдалану бойынша кибер-олимпиадалар өткізіп, ғылыми-әдістемелік тәжірибелер жүргізу мақсатында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті базасында "Microsoft академисяныӊ" кеӊсесін ашу жоспарлануда.

"Осылайша, екіжақты келісім Microsoft компаниясы сарапшыларыныӊ қолдауымен озық технологияларды меӊгерген мамандарды дайындауға мүмкіндік бермек. Бұл өз кезегінде аймақтағы оқу орындарыныӊ бәсекелестігін арттыруға септігін тигізеді",- деп хабарлайды әкімдік.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны