09.07.2014, 22:51 3546

Қызылорда облысы әкімі Ресейдің Алматыдағы бас консулын қабылдады

Кездесуде аймақтың даму мәселесі сөз болды. Қадірлі мейман Қызылорданың қай салада болмасын дамып келе жатқанын айтты. Исіресе, инфрақұрылымға аса мән беріліп жатқандығана айрықша тоқталды.

Алматы. 9 шілде. Kazakhstan today. Бүгін облыс әкімі Қ.Көшербаев Ресей федерациясының Алматыдағы бас консулы Алексей Деминді қабылдады.

Кездесуде аймақтың даму мәселесі сөз болды. Қадірлі мейман Қызылорданың қай салада болмасын дамып келе жатқанын айтты. Исіресе, инфрақұрылымға аса мән беріліп жатқандығана айрықша тоқталды.

"Консулдар осыған дейін екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнату бағытында ғана жұмыс жасап келді. Енді әр елдің мәдениетімен, тарихымен, жалпы ерекшеліктерімен танысуды да көздеп отырмыз", - дейді Ресейдің Алматыдағы бас консулы А.Демин.

Оның айтуынша, бүгінгі кездесу аймақтар арасындағы әріптестікті одан әрі жандандыру мүмкіндік береді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны