26.10.2017, 16:51 7115

Қызылорда облысы Иранмен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Облыс әкімі Қ.Көшербаев бастаған делегация жұмыс сапармен Иран Ислам Республикасында болып қайтты.

Қызылорда. 26 қазан. Kazakhstan Today - Облыс әкімі Қ.Көшербаев бастаған делегация жұмыс сапармен Иран Ислам Республикасында болып қайтты. Сырбойылық кәсіпкерлер Гүлістан және Мазандаран провинцияларындағы ауыл шаруашылығы, өндіріс орындарын аралап көріп, Иранныӊ бизнес қауымдастығына ортақ жобаларды таныстырды.

Облыс әкімдігі хабарлағандай, қызылордалық делегация Гүлістан провинциясында ауыл шаруашылығы өнімдерін өӊдеу, мал шуаршылығы саласындағы ірі компаниялардыӊ басшыларымен кездесіп, провинцияныӊ губернаторы Сейид Маноф Хашемимен бірлескен жұмыстар туралы талқылады.

Мұнан бөлек, "Қызылорда облысы мен Гүлістан провинциясы арасындағы экономикалық және инвестициялық байланыс" тақырыбында бизнес форум болып өтті. Форум аясында нақты жобалар бойынша меморандумдарға қол қойылды.

" Елбасыныӊ ИИР президенті Руханимен саяси келісімдерініӊ арқасында осындай аймақтық қарым қатынастарға негіз қаланған. Болашақта бұл елмен бірге сауда-экономикалық қатынасты одан әрі дамытуға мүмкіндік бар. Өйткені Қазақстанныӊ, Түркменстанныӊ және Иранныӊ бірігіп салған "Жаӊаөзен - Қызылқия - Берекет - Этрек - Горган" темір жолы бар. Ақтау теӊіз портыныӊ мүмкіндіктері де кеӊейіп келе жатыр. Сондықтан біз осыны дұрыс пайдаланып, экономикамызға қажетті жобаларды іске асыруға мүмкіндік алып отырмыз. Біздер өткен жылы Иран күрішініӊ сортын 70 гектар жерге егіп, жақсы өнім алдық. Қазір Иран республикасы жылына 3 миллион тонна күрішті экспорттайды. Ал оныӊ бағасы біздіӊ күріштіӊ бағасынан 10 есе қымбат. Сондықтан бұл бізге өте тиімді. Қазір Иранға Қызылордадан күріш жеткізу туралы келісімге келдік, Иран тарапы бізбен жұмыс істеуге мүдделі екендіктерін көрсетіп, тиісті келісімдерге қол қойылды", - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Мұнан басқа делегация Горган қаласыныӊ ескі шаҺарын аралап, "Аққала" индустриялық аймағыныӊ жұмысымен танысып, Гүлістанда тұратын қазақ диаспорасымен кездесу өткізді.

Мазандаран провинциясында сырбойылық делегация губернатор Рабие Фаллах Джелоудорыныӊ қабылдауында болып, "Гаре Бурун" кооперативініӊ бекре тұқымдас балықтарды өсіру және уылдырық шығару жұмыстарын көріп, сүт өнімдерін шығаратын "Kale Dairy Company" компаниясыныӊ жұмысымен танысты. Мазандаран провинциясында да бизнес-форум ұйымдастырылып, ортақ жобалар бойынша меморандумдарға қол қойылды.

Қараша айында ирандық кәсіпкерлер "Байқоӊыр" инвестициялық форумына қатысу үшін және қол қойылған меморандумдар бойынша жұмысты бастауға арнайы Қызылорда облысына келеді.

Арта кету керек, биыл Иран Ислам Республикасына "Торем Хошеми" сортынан 60 тонна күріш экспорттау жоспарлануда. 2020 жылға қарай ирандық күріш алқаптарын 5 мыӊ гектарға дейін ұлғайтып, экспорт көлемін 8 мыӊ тоннаға жеткізу көзделіп отыр.

Осындай жұмыстар жүгері егіп, өӊдеуге қатысты да жүргізілетін болады. Мұнан бөлек, "Фарагир Инчеборон" ирандық компаниясымен малды экспорттау туралы келісім жасалды. Тамыз айында "Күшімбаев Агро" кооперативі Иранға малдыӊ алғашқы партиясын жіберді - 812 бас мал (26,5 тонна). Был жыл соӊына дейін тағы 10 мыӊ бас мал жіберу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, ирандық әріптестермен Қызылорда қаласында ет комбинатын және жеміс-жидектерді сақтау, жеткізу мақсатында сауда-логистикалық орталық салу көзделуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны